Официальный сайт акимата Райымбекского района Алматинской области

Ашық жиналыс түрдегі қоғамдық тыңдау ХАТТАМАСЫ (Белбұлақ т.)

Ашық жиналыс түрдегі қоғамдық тыңдау ХАТТАМАСЫ (Белбұлақ т.)

«Алматы облысы Райымбек ауданының Ұзақ батыр а/о Белбұлақ тоғанында тасқын және еріген суларды жинауға арналған бөгетін қайта жаңғырту» нысаны бойынша ашық жиналыс түрінде өткен қоғамдық тыңдау

ХАТТАМАСЫ

  1. 1. Өткізілген күні: 11 қазан 2019ж, сағат 10:00
  2. Өткізілетін орны: «Алматы облыстық құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
  3. Қоғамдық тыңдау ұйымдастырушысы: «Алматы облыстық құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

4.Қоғамдық тыңдауды өткізу туралы ақпарат: ҚР экологиялық кодексіне сәйкес қоғамдық тыңдауды өткізу туралы хабарландыруларда, ұлттық және орыс тілдерінде, бұқаралық ақпарат құралдарында және ресми интернет-ресурстарында жариялау арқылы жұртшылық назарына жеткізілді, атап айтқанда:

  • Райымбек ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында (http://raiymbek.gov.kz) .
  • «ADISO» тегін хабарландыру порталында басылым күні 13 құркүйек 2019жыл (ҚОӘБ қосымша жобасын қара).
  1. Қатысқандар:

мүдделі ұйымдар өкілдері;

– «Алматы облыстық құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының м.а  Сабитов А.

бас жобалаушы  өкілдері – «Ж.Р. Жәнекенов атындағы жобалау институты» ЖШС-ң жобаның бас инженері Шакпакбаев Ж.Т.

ЖШС «Ж.Р. Жәнекенов атындағы жобалау институтының»  жетекші инженер-экологы Боркунова О.В

  1. 6. Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібі:

– Жұмыс жобасының техникалық шешімдерімен және жобамен таныстыру.

Регламенттелген  уақыт  – 15минут.

– Жұмыс жобасының «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» бөлімінің презентациямен таныстыру. Регламенттелген  уақыт  – 15минут.

– Баяндамашыларға сұрақ қою. Регламенттелген  уақыт  – 10минут.

– Қоғамдық тыңдау бойынша шешім қабылдау. Регламенттелген  уақыт  – 5минут.

  1. 7. Сөз сөйлегендер:

ЖШС «Ж.Р. Жәнекенов атындағы жобалау институтының» жобаның бас инженері Жандос Тұрсынтайұлы тыңдау қатысушыларымен сәлемдесіп, жұмыс жобасы бойынша толық ақпарат берді.

ЖШС “ Ж.Р. Жәнекенов атындағы жобалау институтының ” Экологы Оксана Викторовна , жобаның Ұзақ батыр а/о Белбұлақ тоғанында тасқын және еріген суларды жинауға арналған бөгетін қайта жаңғырту жаңғырту  кезiндегі қоршаған ортаға әсер етуді бағалау бөлімінің мәліметтерімен және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралармен таныстырды. Флора мен  фаунаға, жер үсті сулары мен топырақ жамылғысына, атмосфералық ауа, табиғи ресурстарға  кері әсерін тигізуді азайту және болдырмау жөніндегі іс-шараларға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар:

  • қазіргі замандағы қоршаған ортаның жай-күйін, оның аймағында жоспарланған жұмыстарды шолу;
  • атмосфералық ауаны бағалау, су ресурстарын бағалау.
  • құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде іс-шаралар кешені қамтамасыз ететін ең аз қоршаған ортаға әсері.
  1. Қоғам өкілдерінің ұсынысы, сұрақтары және ескертпелері:
  2. Сұрақтарға жауап, ұсыныстар мен ескертпелер:

– Белбұлақ тоғанында тасқын және еріген суларды жинауға арналған бөгетін қайта жаңғырту қандай нәтижеге әкеледі?

Тоғанды қайта жаңғырту судын сүзулу процессының мүмкіндігі азаяды және ауыл шаруашылығы дақылдарының және шабындық алаңы 250 га. көлемдегі жерді суғаруға қамтамасыздандырады.

 Ескертулер түскен жоқ.

  1. Талқылаудың қорытындысы бойынша негізгі тұжырымдар:

Жобаны әзірлеуші өкілдері және «Алматы облыстық құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің   өкілі барлық қойылған сұрақтарға жауап берді. Жергілікті тұрғындардың ұсыныстары қарауға қабылданды.

Жергілікті тұрғындардың  қоғамдық тыңдауда  білдірген барлық ұсыныстарын қабылдау мүмкіндігін қарастыру.

Ашық дауыс беру арқылы қоғамдық тыңдауларға қатысушылар«Алматы облысы Райымбек ауданының Ұзақ батыр а/о Белбұлақ тоғанында тасқын және еріген суларды жинауға арналған бөгетін қайта жаңғырту» нысаны бойынша ашық жиналыс түрінде өткен қоғамдық тыңдау жобасын жүзеге асыруға келісімін берді.

Қоғамдық тыңдаулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізілген деп жарияланады.

Хаттамаға қосымша:

  1. Қоғамдық тыңдауға қатысушылардың тізімі, 3 бетте;

 

«Алматы облыстық құрылыс басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысының м.а                                Сабитов А. 

 

ЖШС «Ж.Р. Жәнекенов атындағы жобалау

институтының» жобаның бас инженері                              Шакпакбаев Ж          

 

ЖШС «Ж.Р. Жәнекенов атындағы жобалау

институтының»  жетекші инженер-экологы                          Боркунова О

Закрыть меню