Официальный сайт акимата Райымбекского района Алматинской области

Дипломмен ауылға Туған жерге үлес қос

Дипломмен ауылға Туған жерге үлес қос

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында жастарға да ерекше көңіл бөлініп келеді. Жылдағы халыққа Жолдаудың көтерер жүгі, ел дамуындағы алар орны жоғары екенін жақсы білеміз. Оның ішінде  жастарға деген басымдық та ерекше.

Адам капиталын көтеру мақсатында жастар біздің келешегіміз, ел ертеңі екені айқын. Сондықтан, мемлекет басымдық берген «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы  жүйелі жолға қойылып, өз міндетін атқарып  отыр. Оның негізігі тетігі ретінде елді мекендердегі маман тапшылығын жоюға  атсалысатынын айырықша атап өтуге болады.

Бағдарламаның аясында ауылдық елді мекендерге денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласына жас мамандар көптеп келуде. Мұндай сұраныс әсіресе, өз еншісін алған жаңа ауданымыз үшін маңызы өте зор деп білемін. Елбасы өз сөзінде «Қазір жұмысты қаладан емес, ауылдан іздеу керек. Бізді асырайтын ауыл. Қаланы асырай алуы үшін жеке шаруаларды, ауыл тұрғындарын шағын шаруа қожалықтарын, қайта қауымдастырып, біріктіру қажет»–деп ашық та, анық айтқан болатын.

Аталған бағдарламаның аясында ауылдық елді мекендерге келіп жұмыс істеймін деген мамандарға мемлекет тарапынан жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жетпіс және жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада, бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған.

Осы басымдықтар бойынша 2019 жылы ауданға келіп еңбек етем деген  28 маманға 106 млн. 50 мың теңге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие және әрқайсысына 176750 теңгеден 47 маманға 8 млн. 307 мың теңге, 100 еселік айлық есептік көрсеткіште 12 маманға 3 млн. 30 мың теңге көтерме жәрдемақы берілді.

Бюджеттік несие алған 28 маман болса, оның 13-і денсаулық сақтау саласынан, 9-і білім беру, бірі спорттан, 1-і мәдениет  пен 4-і  агроөнеркәсіптік кешені саласынан.

Сонымен қатар, көтерме жәрдемақы алған 59 маманның 24-і денсаулық сақтау саласынан болса, 26-і білім беру саласынан, 2-і спорттан. Және  3-і мәдениет саласы мен 4-і агроөнеркәсіптік кешені саласынан.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу үшін келіп, әлеуметтік көмек аламын дейтін жас мамандарға қашанда қолдау бар. Аталған бағдарлама үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы  6 қарашадағы       № 72 бұйрығымен бекітілген ережеге сәйкес кез келген жас маман құжаттарын жергілікті экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне тапсыруына болады.

Туған жерге, ауданға үлес қосам  деген әрбір азамат аталған бағдарламалар арқылы мүмкіндіктерге қол жеткізе алатынын айтқымыз келеді.

Гаухар Жанболатқызы,

 ауданның «Экономика және

бюджеттік жоспарлау бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің бас маманы. 

Закрыть меню