Официальный сайт акимата Райымбекского района Алматинской области

ПРОБАЦИЯ ЗАМАН ТАЛАБЫ

ПРОБАЦИЯ ЗАМАН ТАЛАБЫ

Бәрімізге белгілі Қазақстанның қылмыстық саясаты әлемдегі  дамыған мемлекеттердің тәжірибесін есепке ала отырып елімізде бірқатар қылмыстық жазаларды ізгілендіру,  сондай-ақ бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың ауқымын кеңейтуге бағытталған.  Осыған орай еліміздің Ішкі істер минстрлігі тарапынан бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды дамыту бағытында көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Соның бірі қылмыстық атқару жүйесіндегі пробация қызметі.

Жалпы пробация сөзі ағылшын тілінен аударғанда «probation» – «сынақ» деген мағынаны білдіреді. Яғни адамның қылмыс жасағанына қарамастан оны қоғамнан оқшауламай, қоғамдық ортада қалып түзелуіне мүмкіндік беру. Қазіргі кезде пробация қызметі Қазақстан Республикасының 2016 жылы 30 желтоқсанда қабылданған «Пробация туралы» Заңының 13 бабында көрсетілген пробацияның мына түрлері: сотқа дейінгі пробация,  үкімді пробация және пенитенциярлықтан кейінгі пробацияға жататын жаза түрлері бойынша сотталған тұлғалардың мінез құлқын жаза өтеу тәртібі мен шарттарын бақылауды ҚР ІІМ 15.08.2014 жылы бекіткен №511 бұйрығы «Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру» туралы қағидасының негізінде жүзеге асырады.  Сонымен қатар осы жоғарыда көрсетілген тұлғаларға ҚР үкіметінің 23.10.2014 жылы бекіткен №1131 бұйрығы «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» қаулысының негізінде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді. Бүгінгі таңда пробация қызметінің жұмысының тиімділігі жергілікті атқарушы органдардың сотталғандарға бірлесіп көрсеткен әлеуметтік-құқықтық көмегінің деңгейіне тікелей байланысты.

 

Құндыз Жарманова,

Райымбек аудандық   пробация қызметінің

аға инспекторы

әділет аға лейтенанты.

 

Закрыть меню