Официальный сайт акимата Райымбекского района Алматинской области

Респонденттерге! 

Респонденттерге! 

«Статистикалық есептерді онлайн режимде қабылдау» АЖ енгізуге байланысты респонденттерге есептілікті электрондық түрде «Респондент кабинеті» https://cabinet.stat.gov.kz арқылы тапсыру мүмкіндігі берілді. Ол үшін респонденттер Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан (ХҚКО) аутентификация құралдарын және электрондық цифрлық қол таңбаны (ЭЦҚ) алу қажет. ЭЦҚ-ны алу үшін бизнес-сәйкестендіруші нөмірі (БСН)/ жеке сәйкестендіруші нөмірі (ЖСН) бар заңды тұлға/жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі болуы тиіс.

Аутентификация құралдарын және ЭЦҚ-ны беру ХҚКО-да орналасқан Ұлттық куәландырушы орталықтың Тіркеу орталықтарында жүзеге асырылады. Тіркеу орталықтарының тізбесі ҰКО-ның http://pki.gov.kz сайтында қол жетімді.

Алғашқы статистикалық деректерді электрондық түрде (онлайн-режимде) қабылдау қатаң түрде статистикалық нысандарды белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.

Алғашқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімдерде ұсына алмаған жағдайда Сіз тіркелеген орныңыз бойынша аумақтық статистика органдарына жүгінуіңіз қажет, мұның өзінде алғашқы статистикалық деректерді уақтылы ұсынбау, дәйексіз алғашқы статистикалық деректерді ұсыну алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзу болып табылады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235 V Кодекстің 497-бабына сәйкес жазалауға әкеп соғады.

Егер есепті күндері «Деректерді онлайн режимінде жинау» ақпараттық жүйесінде есепті тапсыру кезінде Сізде техникалық олқылықтар туындап, сол себепті Сіз есепті тапсыра алмасаңыз, аталған фактіні мәселе туындаған сәтте белгілеу үшін «Сұрақ-жауап» айдарына немесе ақпараттық қызмет 8 (7172) 74-90-10, 74-90-11 байланыс телефондарына, сондай ақ stat.gov.kz қолдау қызметі 8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін) сағат 9:00 – 18:30-ға дейін хабарласуды сұраймыз. Сонымен қатар Сізде Статистика комитетінің байланыс қызметінің Help@statdata.kz электрондық мекенжайына қатені сипаттайтын скриншот жіберу мүмкіндігіңіз бар.


 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

Статистика комитеті төрағасының

2018 жылғы «27» желтоқсандағы

№ 19 бұйрығына Қосымша

Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі төрағасының

2010 жылғы 9 шілдедегі

№ 173 бұйрығымен бекітілген

Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидалары 

1-тарау. Жалпы ережелер  

  1. Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік статистика органдарына алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда пайданылатын ұғымдар Заңда көрсетілген мағынада, сондай-ақ келесі аңықтамалар пайдаланылады: интервьюер – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде респонденттер мен үй шаруашылықтарына пікіртерім жүргізуді жүзеге асыратын адам; телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі – телефонмен респонденттерге сауал салу арқылы жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе.

 

2 – тарау. Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібі 

  1. Респонденттер анық алғашқы статистикалық деректерді сәйкес жылға Заңда белгіленген тәртіппен бекітілетін респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне (бұдан әрі-График) және статистикалық әдіснамаға сәйкес ұсынады.
  2. Статистикалық нысандарды ұсыну мерзімдері, кезеңділігі және мекенжайы, респонденттер тобы, статистикалық нысандарды бекіту туралы бұйрықтың нөмірі мен күні олардың титулдық беттерінде көрсетіледі.
  3. Жалпымемлекеттік статистикалық нысандарды ұсыну күні:

1) қағаз жеткізгіште титулдық бетте аумақтық статистика органдарының мөртабанымен бекітіледі;

2) электрондық түрде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі – Комитет) www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсындағы «Респондент кабинеті» арқылы жүйелік күн автоматты түрде белгіленеді;

3) телефон арқылы пікіртерім жүргізудің компьютерлендірілген жүйесі арқылы жүйелік күн автоматты түрде бекітіледі;

4) интервьюердің қағаз жеткізгішті және (немесе) жеке есептеуіш құрлығысын пайдаланумен (планшет) респондентке жеке пікіртерім жүргізу кезінде жүйелік күн автоматты түрде бекітіледі.

Ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын ұсыну күні:

1) қағаз жеткізгіштерде ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізетін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк қызметкерлері бекітеді;

2) электрондық түрде жүйелік күн автоматты түрде бекітіледі.

Егер статистикалық нысандарды ұсыну мерзімінің соңғы күні жұмыс емес күнге келсе, статистикалық нысанды ұсыну мерзімінің аяқталу күні одан кейінгі жұмыс күні болып саналады.

  1. Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларға жататын респонденттер тобы байқау әдісін (жаппай немесе іріктемелі) ескере отырып, статистикалық тіркелімдер деректері бойынша анықталады.

Іріктемелі байқауға респонденттерді қосу үшін іріктеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 22 тамыздағы бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркелімінің тізілімінде № 14250 болып тіркелген) Кәсіпорындарға іріктемелі зерттеулер жүргізу бойынша әдістемеге, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 11 қарашадағы бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркелімінің тізілімінде № 14515 болып тіркелген) Үй шаруашылықтарына іріктемелі зерттеулер жүргізу бойынша әдістемеге, сонымен қатар жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық әдіснамаларына сәйкес жүргізіледі.

  1. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша респонденттер ұсынуға қажетті статистикалық нысандар тізбесін респонденттің сұрауы бойынша немесе өз бетінше Комитеттің www.stat.gov.kz. ресми интернет-ресурсында орналасқан «Респондент кабинетінде» жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) немесе заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірін (БСН) енгізу арқылы статистикалық нысандар тізбесін алады.

Аумақтық статистика органдарына ұсынуға қажетті алынған статистикалық нысандар тізбесіне сәйкес респонденттер іріктемелі зерттеуге қосу нәтижесін Комитеттің www.stat.gov.kz. ресми интернет-ресурсындағы «Респонденттің кабинеті» арқылы немесе тұратын жері бойынша аумақтық статистика органдарында өз бетінше нақтылайды.

Ұсынуға қажетті статистикалық нысандар тізбесі сәйкес жылға Заңда белгіленген тәртіппен бекітілетін статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес қалыптастырылады.

  1. Ведомстволық статистикалық байқауларға жататын респонденттер тобын ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізетін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі анықтайды.
  2. Ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша респонденттер мемлекеттік органдар немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынған толтыруға қажетті статистикалық нысандар тізбесін алады.
  3. Статистикалық нысандарды өзінің тұрған жері бойынша заңды тұлғалардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, егер оларға заңды тұлғалардың статистикалық нысандарды тапсыру бойынша уәкілеттіктері берілген жағдайда тапсырады. Егер құрылымдық және оқшауланған бөлімшелерде мұндай уәкілеттіктер болмаса статистикалық нысандарды олардың орналасқан жерін көрсете отырып, өзінің құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері бөлінісінде заңды тұлғалар ұсынады.

Байқауды өткізудің статистикалық әдіснамасында статистикалық нысандарды тек қана заңды тұлғалар немесе тек қана құрылымдық және оқшауланған бөлімшелердің ұсынуы көзделген жағдайда статистикалық нысандар мемлекеттік статистика органдарына мемлекеттік статистика органдарының байқауды өткізу статистикалық әдіснамасына сәйкес ұсынылады.

  1. Бас компаниялары Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан шетелдік заңды тұлғалардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері статистикалық нысандарды мемлекеттік статистика органдарына құрылымдық және оқшауланған бөлімшенің орналасқан жері бойынша ұсынады.
  2. Есепті кезеңде құрылымдық бөлімше немесе объект таратылған кезде оған жататын барлық деректер статистикалық нысаннан алынбайды. Егер есепті кезеңде заңды тұлға құрылымы қайта құрылған немесе өзгерген жағдайда статистикалық нысандарда деректер заңды тұлғаның жаңа құрылымына сәйкес келтіріледі.

Жойылған немесе заңды тұлға банкротқа ұшырады деп жарияланған жағдайда өз қызметінің соңғы есепті кезеңіне есеп беретін заңды тұлға кезеңділігі жылдық статистикалық нысандар бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсынады.

Кезеңділігі тоқсандық ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қажет болған жағдайда тарату туралы бұйрық қабылданған кезеңге тарату балансын сұратады.

Жаңадан құрылған заңды тұлғалар алғашқы статистикалық деректерді тіркеген күннен бастап есепті кезеңнің соңына дейінгі кезеңге ұсынады. Заңды тұлға қызметі болмаған жағдайда, хабарламаны осы Қағидалардың  16-тармағына сәйкес ұсынады.

  1. Үй шаруашылықтары алғашқы статистикалық деректерді аумақтық статистика органдарының интервьюерлеріне тапсырады.
  2. Жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері басшының (басшы болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы тұлғаның) және алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға және анықтығына жауапты адамдардың қолымен статистикалық нысандарды тапсырады.
  3. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректер:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен электрондық түрде;

2) қағаз жеткізгіште;

3) телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі арқылы;

4) интервьюермен жеке сауал салуды жүргізу кезінде ұсынылады.

Ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректер қағаз жеткізгіштерде немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы электрондық түрде немесе арнайы байланыс арнасы арқылы ұсынылады.

Қағаз жеткізгіштердегі статистикалық нысандар қолма-қол немесе пошталық байланыс қызметтері арқылы ұсынылады. Ұсыну күні пошталық байланыс қызметінің пошталық штемпелінде көрсетілген жөнелту күні болып табылады.

  1. 16. Есепті кезеңде (ай, тоқсан, жыл) қызметі болмаған кезде респондент Графикте көрсетілген мерзімдердің аяқталу күнінен кешіктірмей тиісті статистикалық нысандардың орнына қызметінің болмағандығы туралы хабарламаны осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген нысанға сәйкес, бір хабарламада барлық статистикалық нысандарды көрсетумен қағаз жеткізгіште немесе Комитеттің www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсында электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланумен «Респонденттің кабинеті» арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген, Қызметінің болмағандығы туралы хабарлама таралмайтын статистикалық нысандар тізбесінде көрсетілген статистикалық нысандарды қоспағанда қызметінің болмау себептерін және аталған қызмет жүзеге асырылмайтын мерзімді көрсете отырып ұсынады.
  2. Қызметінің болмауы туралы хабарламада көрсетілген мерзім аяқталған соң немесе қызметін мерзімінен бұрын жаңғыртқан жағдайда бұрын ұсынылған қызметінің болмауы туралы хабарламаның күші ол туралы мемлекеттік статистика органдарына хабарлаған жағдайда жойылады және респондент жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын Графикке сәйкес мемлекеттік статистика органдарына тапсырады.
  3. Қызметінің уақытша тоқтатылуына байланысты респондент мемлекеттік статистика органдарына жүгінген және салық есептілігін ұсынуды уақытша тоқтата тұру туралы шешімнің көшірмесін ұсынған кезде ағымдағы жылы жұмыспен өтелген кезең үшін есептілік ұсынылатын статистикалық нысандарды (жылдық алғашқы деректер) қоспағанда осы респондент статистикалық нысандарды шешімде көрсетілген мерзімнің соңына дейін ұсынбайды.

Салық есептілігін ұсынуды уақытша тоқтата тұру туралы шешімде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін респондент уақыттан бұрын қызметін қайта бастаса, статистикалық нысандар респондент қызметін қайта бастаған сәттен бастап ұсынылатын болады.

  1. Респондент мемлекеттік статистика органдарына бұрын ұсынған статистикалық нысандар бойынша қателерін өзі анықтаған кезде, респондент қателерді екі жұмыс күні ішінде түзетеді және осы Қағидалардың 21 және 21-1 тармақтарына сәйкес мемлекеттік статистика органдарына статистикалық нысанның түзетілген нұсқасын ұсынады.

19-1. Мемлекеттік статистика органдары респонденттер ұсынған статистикалық нысандардан қателер тапқан кезде, мемлекеттік статистика органдарының лауазымды адамдары алғашқы статистикалық деректердің анықтығын растау мақсатында, Заңның 12-2 – бабының тәртібіне сәйкес мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

  1. Мемлекеттік статистика органдары анықтаған қателер бойынша статистикалық нысанның түзетілген нұсқасын респондент Заңның 12-2-бабының 9-тармағында белгіленген мерзімдерде және осы Қағидалардың 21 – 21 – 1тармақтарына сәйкес ұсынады.
  2. Мемлекеттік статистика органына статистикалық нысанның түзетілген нұсқасын қағаз жеткізгіште ұсынған жағдайда, статистикалық нысан «түзетілгені дұрыс» деген сөздермен расталады, орындаушы мен басшының (басшы болмаған жағдайда, міндетін атқарушы адам) және (немесе) алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға және анықтығына жауапты адамдардың қолы қойылады.

21-1. Мемлекеттік статистика органына статистикалық нысанның түзетілген нұсқасын электронды түрде ұсынған жағдайда респондент, Комитеттің www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсының «он-лайн режимде деректерді жинау» бөлімінен «Респонденттің кабинеті» арқылы басып шығарылған статистикалық нысанның қағаз нұсқасын ұсынады. Статистикалық нысанның басып шығарылған қағаз нұсқасына өзгерістер енгізіледі және «түзетілгені дұрыс» деген сөздермен расталады, түзету күні көрсетіледі және орындаушы мен басшының (басшы болмаған жағдайда, міндетін атқарушы адам) және (немесе) алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға және анықтығына жауапты адамдардың қолы қойылады.

  1. Респонденттер негізгі немесе қосалқы экономикалық қызмет түрін өзгерту туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айлық мерзімде немесе қызметкерлер саны өзгерген жағдайда бұл туралы мемлекеттік статистика органдарын осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес немесе «Респондент кабинеті» арқылы Комитеттің www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсында электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып хабардар етеді. Аумақтық статистика органдары түскен хабарламаларды қарайды және үш жұмыс күні ішінде экономикалық қызметтің негізгі, қосалқы түрлерінің, статистикалық тіркелімдердегі респонденттер бойынша қызметкерлердің санының өзгеруі туралы шешім қабылдайды. Хабарламаны қарау нәтижесі хабарламада көрсетілген электрондық мекенжайға (мекен жайларға) жіберіледі.

 

Респонденттердің алғашқы

статистикалық деректерді

ұсыну қағидаларына

1-қосымша Нысан

 

Қызметінің жоқтығы туралы хабарлама

____________________________________облысының

(қаласының, ауданының) мемлекеттік статистика органы

 

Жеке немесе заңды тұлғаның атауы______________________________, ЖСН немесе БСН коды_____________________,ЭҚЖЖ ________________,                                                                                                   (статистикалық нысан атауы)______(индексі__________,кезеңділігі________) (статистикалық нысан атауы)_____(индексі__________,кезеңділігі_________) (статистикалық нысан атауы)_____(индексі__________,кезеңділігі_________) (статистикалық нысан атауы)_____(индексі________,кезеңділігі_________) (статистикалық нысан атауы)_____(индексі__________,кезеңділігі_________) (статистикалық нысан атауы)_____(индексі__________,кезеңділігі_________) (статистикалық нысан атауы)_____(индексі__________,кезеңділігі_________) (статистикалық нысан атауы)_____(индексі__________,кезеңділігі_________) (статистикалық нысан атауы)_____(индексі__________,кезеңділігі_________) (статистикалық нысан атауы)_____(индексі__________,кезеңділігі_________) жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша _____ ай, тоқсан және (немесе) жыл ішінде _________________________________ жағдайға байланысты қызмет жүргізілмейтінін хабарлайды.

Жоғарыда баяндалғанға сәйкес статистикалық нысан ______________облысының (қаласының, филиалының) мемлекеттік статистика органына __________ айынан және (немесе) тоқсанынан (қажеттісін сызу) бастап ұсынылатын болады.

Басшы _________________________________________________/_________________

тегі, аты және әкесінің аты                                              қолы

(бар болған жағдайда)

Бас бухгалтер ____________________________________________/_________________

тегі, аты және әкесінің аты                                                   қолы

(бар болған жағдайда)

________________________/________________________________/__________________

мекеменің нақты мекенжайы                    телефон нөмірі                  электрондық пошта

 


Респонденттердің алғашқы

cтатистикалық  деректерді

ұсыну қағидаларына 2-қосымша  

Қызметінің болмағандығы туралы хабарлама таралмайтын статистикалық нысандар тізімі

1) «Еңбек бойынша есеп» (индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық және жылдық);

2) «Құрылымы және жалақыны бөлу туралы есеп» (индексі 2-Т (еңбекақы), кезеңділігі жылына бір рет);

3) «Зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің саны туралы есеп» (индексі 1-Т (Еңбек жағдайы), кезеңділігі жылдық);

4) «Ірі және орта кәсіпорындардағы кадрларға қажеттілік және саны туралы есеп» (индексі 1-Т (бос жұмыс орны), кезеңділігі жылына бір рет);

5) «Өндірістік қуаттар теңгерімі» (индексі БМ, кезеңділігі жылдық);

6) «Шағын кәсіпорынның қызметі туралы есеп» (индексі 2-МП, кезеңділігі тоқсандық және жылдық);

7) «Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп» (индексі 1-ПФ, кезеңділігі тоқсандық және жылдық);

8) «Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы есеп» (индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық);

9) «Дара кәсіпкердің қызметі туралы есеп» (индексі 1-ИП, кезеңділігі екі жылда бір рет);

10) «Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы есеп» (индексі 1-ғылым, кезеңділігі жылдық);

11) «Резидент еместерге қойылатын қаржылық талаптар және олардың алдындағы міндеттемелер туралы есеп» (индексі 1-ТБ, кезеңділігі тоқсандық);

12) «Кәсіпорындарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы есеп» (индексі 3-ақпарат, кезеңділігі жылдық);

13) «Инновациялық қызмет туралы есеп» (индексі 1-инновация, кезеңділігі жылдық);

14) «Экономикалық қызмет түрлері туралы есеп» (индексі 1-СР, кезеңділігі жылына бір рет);

15) «Жаңа кәсіпорындарға пікіртерім жүргізу» (индексі 1-НП, кезеңділігі біржолғы);

16) «Ауыл шаруашылығы кооперативінің қызметі туралы» (индексі 1-СПК, кезеңділігі тоқсандық);

17) «Сервистік-дайындау орталықтарының қызметі туралы» (индексі 1-СЗЦ, кезеңділігі тоқсандық);

18) «Теміржол желісінің пайдаланымдылық ұзындығының қашықтығы және теміржол көлігінің жұмысы туралы есеп» индексі 1-ЖД, кезеңділігі жылдық).

Закрыть меню