Официальный сайт акимата Райымбекского района Алматинской области

Статистикалық есептерді онлайн режимде ұсыну

Статистикалық есептерді онлайн режимде ұсыну

«Статистикалық есептерді онлайн режимде қабылдау» АЖ енгізуге байланысты респонденттерге есептілікті электрондық түрде «Респондент кабинеті» https://cabinet.stat.gov.kz арқылы тапсыру мүмкіндігі берілді. Ол үшін респонденттер Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан (ХҚКО) аутентификация құралдарын және электрондық цифрлық қол таңбаны (ЭЦҚ) алу қажет. ЭЦҚ-ны алу үшін бизнес-сәйкестендіруші нөмірі (БСН)/ жеке сәйкестендіруші нөмірі (ЖСН) бар заңды тұлға/жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі болуы тиіс.

Аутентификация құралдарын және ЭЦҚ-ны беру ХҚКО-да орналасқан Ұлттық куәландырушы орталықтың Тіркеу орталықтарында жүзеге асырылады. Тіркеу орталықтарының тізбесі ҰКО-ның http://pki.gov.kz сайтында қол жетімді.

Алғашқы статистикалық деректерді электрондық түрде (онлайн-режимде) қабылдау қатаң түрде статистикалық нысандарды белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.

Алғашқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімдерде ұсына алмаған жағдайда Сіз тіркелеген орныңыз бойынша аумақтық статистика органдарына жүгінуіңіз қажет, мұның өзінде алғашқы статистикалық деректерді уақтылы ұсынбау, дәйексіз алғашқы статистикалық деректерді ұсыну алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзу болып табылады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235 V Кодекстің 497-бабына сәйкес жазалауға әкеп соғады.

Егер есепті күндері «Деректерді онлайн режимінде жинау» ақпараттық жүйесінде есепті тапсыру кезінде Сізде техникалық олқылықтар туындап, сол себепті Сіз есепті тапсыра алмасаңыз, аталған фактіні мәселе туындаған сәтте белгілеу үшін «Сұрақ-жауап» айдарына немесе ақпараттық қызмет 8 (7172) 74-90-10, 74-90-11 байланыс телефондарына, сондай ақ stat.gov.kz қолдау қызметі 8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін) сағат 9:00 – 18:30-ға дейін хабарласуды сұраймыз. Сонымен қатар Сізде Статистика комитетінің байланыс қызметінің Help@statdata.kz электрондық мекенжайына қатені сипаттайтын скриншот жіберу мүмкіндігіңіз бар.

Закрыть меню