Официальный сайт акимата Райымбекского района Алматинской области

Құрметті   коммуналдық қызметті тұтынушы аудан тұрғындарының назарына

Құрметті коммуналдық қызметті тұтынушы аудан тұрғындарының назарына

Райымбек  ауданы әкімдігі      төтенше  жағдай кезінде мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында:

-1, 2, 3 топтағы мүгедектер;

– Ұлы  Отан соғысының мүгедектері мен  қатысушылары мен Ұлы  Отан соғысының  мүгедектер мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;

– мүгедек  балаларды тәрбиелеуші  отбасылары;

-көп балалы отбасылары;

– ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткрлерлер;

-мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау  кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін  құтқару  кезінде, құқық  тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

 -атаулы  әлеуметтік  көмек  алатын азаматтар, оның  ішінде  жалғыз басты зейнеткерлер санатындағы азаматтарға  коммуналдық  қызметтерді жеткізушілердің «Байынқол су құбыры»МКК  және  «АлматыЭнергосбыт «АҚ-ғы  шығындары тұтынушының дербес есепшоты негізінде қағидаға сәйкес өтеуге болатындығын  хабарлайды.

Аталған санаттағы  азаматтар коммуналдық көмекті алу үшін коммуналдық қызмет беруші мекемесінде тек өздерінің  атында  есеп айырысу шоты болуы тиіс. Яғни басқа жанұя  мүшелерінің атына  есепшот ашылған  жағдайда төленбейді. Коммуналдық қызметтер  бойынша  қаражатты өтеу үшін  тұтынушы тиісті үлгіге сәйкес деректерді толық  көрсете отырып  өтінішті ақпараттық жүйе арқылы, ол болмаған жағдайда саll-орталық  арқылы өтінім береді.

Осы  мәселе бойынша  жұмыс жүргізілуде. Қосымша әлеуметтік  жүйе және бұқаралық ақпарат құралдары  арқылы хабарландырамыз және толық ақпаратты сұрақтар  бойынша  Райымбек ауданының тұрғын үй  коммуналды шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі мемлекеттік  мекемесінен   келесі телефон  нөмірлері бойынша алуға болады :

Телефон нөмірлері  2-20-36, 2-20-61 телефонына, қалааралық байланыста код  8-727-79. 2-20-36, 2-20-61.

Закрыть меню