Официальный сайт акимата Райымбекского района Алматинской области

2019 – 2021 жылдарға ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы 2019 -2021 жылдарға арналған Алматы облысы Райымбек ауданы, Ұзақ батыр  ауылдық округін  дамыту бағдарламасы
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары Ұзақ батыр  ауылдық округінің құрылу кезеңі:2005 жылғы 24 желтоқсанда Алматы облыстық мәслихат және Алматы облысы әкімдігінің шешімімен Ұзақ батыр  селолық округі құрылды.2013 жылғы 15 ақпанда Райымбек ауданы әкімдігінің №29 қаулысы негізінде Ұзақ батыр  селолық округі «Ұзақ батыр  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып құрылды.

-халық саны;2691 адам,446 аула;

– аумақ-37131 га;

– жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні және оларға өкілеттік берілген мерзім;2015 жылдың 28 желтоқсан, өкілеттік мерзім 3 жыл;

– жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны:жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны 17 ;

 

  1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 2.1 Аудандық маңызы бар қаланы, ауылды, кентті, ауылдық округті дамыту

 2019-2021жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

2019жылғы 1 қаңтардағы халық саны 2691адам

Ауылдық округі бойынша 2 ЖШС, 136 ШҚ, 12 жеке кәсіпкер тіркелген

Мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы оның ішінде: картоп, астық,көп жылдық шөп шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.

Бағдарлама экономикалық қызмет көрсету,коммуналдық қызмет, жұмысыздықты төмендету,жаңа жұмыс орындарын құру,және т.б. сұрақтарын қозғайды.

«Ақ-Нұр»шқ негізгі қызмет түрі картоп өсіру көлемі-20 га, техникалық жабдықтар 1МТЗ 82 тракторы,жұмыскер саны-2

«Әділет» шқ негізгі қызмет түрі астық өсіру және сату, жер көлемі 150га жаздық арпа, 50 жаздық бидай, техникалық жабдықтар 1 астық комбайны,1 МТЗ 892, 1МТЗ 82, 1Газ-53 автомашинасы,2 жер өңдеу агрегаты,сыйымдылығы 250 тонна астық сақтау қоймасы бар.Жұмыскерлер саны-5 адам.

«Аманжол» шқ негізгі қызмет түрі ірі қара малын бордақылау, ет өнімдерін сату,сыйымдылығы 20 басқа арналған мал бордақылау орны бар,техникалық жабдықтар1 МТЗ-80 трактор, 1камаз автомашинасы.Жұмыскерлер саны- 5 адам

«Байтақ» шқ негізгі қызмет түрі ірі қара малын асылдандыру. 100 бас аналық сиыры, 4 бас «Ак-бас» тұқымдық бұқасы бар, жер көлемі 300 га- жайылымдық. 150 бас ірі қараға арналған мал қорасы,техникалық  жабдықтар 1МТЗ-80трактор ,1 Урал,1Газ-53 автомашинасы.Жұмыскерлер саны – 5 адам.

«Ақ-Нұр» шқ негізгі қызмет түрі қой шаруашылығын дамыту.Жер көлемі 1000 га жайылымдық. 1600 бас Архар меренос тұқымды қой.Техникалық жабдықтар 1 МТЗ-80 трактор, 1 зил-130, жұмыскерлер саны-4 адам.

                                                   Жергілікті  бюджет

Ұзақ батыр ауылдық округінің 2018 жылғы бюджеттік жоспары 97,9% орындалды, жоспар бойынша 4 млн 386 мың теңге бюджетке түсті.2018 жылғы бюджеттік шығыс 97,9% орындалды,оның ішінде жоспар19 млн 734 мың тг,жұмсалғаны 19 млн 331 мың тг.

Кәсіпкерлік

 Округте- 16  шағын бизнес орталығы тіркелген оның ішінде: саудада -12, қызмет көрсетуде -4.Негізгі қызмет түрі сату және халыққа қызмет көрсету.

 Сумен қамтамасыз ету

Ұзақ батыр  ауылының тұрғындары 100 пайыз  ауыз сумен қамтамасыз етілген, 2010 жылы 202 млн. теңгеге жаңадан салынған.

Әлеуметтік сала

Білім беру

С.Сауранбаев атындағы шағын орталығымен біріктірілген орта мектебі 1974 жылы салынған,850-орындық.Оқушылар саны-474, шағын орталықта – 45 бала,мұғалімдер – 69, тех персанал 22

Денсаулық сақтау

Ұзақ батыр  ауылдық ауруханасы 1969 жылы салынған.1-дәрігер, 10-мейірбике, 4кіші қызмткер.

Мәдениет

Ұзақ батыр  ауылындағы орталық алаңында «Бүлдіршіндер алаңы» балалар ойын – сауық алаңы. Аумағы-150 шаршы метр;

Ұзақ батыр  ауылының кіре берісінде жастар саябағы.  Аумағы-3000 шаршы метр.

Спорт

Ұзақ батыр  ауылындағы орталық алаңында аумағы- 600 шаршы  метр футбол алаңы. Ұзақ батыр  ауылында бокспен айналысушыларға арналған спорт залы, аумағы – 90 шаршы метр,штаттық қызметкер – 1, күреспен айналысушыларға арналған спорт залы, аумағы – 90 шаршы метр,штаттық қызметкер – 2.

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

– Ұзақ батыр ауылында Ниязбай, Бидайбек,Ұзақ,Райымбек көшелерін,орташа жөндеу.

– мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету (еріктілер негізде);

-елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету, рұқсатсыз қоқыстарды жою және қоқыс төгетін 1 орынды қоршау.

– Ұзынбұлақ, Белбұлақ. және ауыл көлдерін күрделі жөндеуден өткізу, каналдарды тазалау,  суармалы егістік көлемін ұлғайту;

– Балабақшаны күрделі жөндеуден өткізу

– Әкімшілік ғимаратын кайта салу.

– Спорт кешендерін салу

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

Іс-шаранын атауы Аяқтау нысаны Қаржыландыру көлемі (мың.теңге) Қаржыландыру көзі Іске асыру мерзімдері  
1 2 3 4 5 6  
I.БІЛІМ БЕРУ
 

1.1

850 орындық

С.Сауранбаев атындағы орта мектептің күрделі жөндеуге ЖСҚ

 

өткізу акт

 

30 000,0

 

 

ЖБ

 

2020 жыл

 

 
II. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
III. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ
IV. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
 

4.1

Ұзақ батыр ауылындағы 4,2 шақырым 3(үш) ішкі көше жолдарды жөндеуден өткізу  

өткізу акт

 

60 000

 

ЖБ

 

2020 жыл

 
V. БАСҚАЛАР
6.1 Ұзақ батыр  ауылындағы «ауыл» тоспаларды қайта жаңарту өткізу акт 200000 ЖБ 2020 жыл  
Закрыть меню