Официальный сайт акимата Райымбекского района Алматинской области

2019 – 2021 жылдарға ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы   2019 -2021 жылдарға  арналған  Алматы  облысы Райымбек ауданы  Нарынқол ауылдық округін  дамыту бағдарламасы
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары – Нарынқол ауылдық округінің орталығы – Нарынқол ауылы

– ауылдық округтің халық саны  – 8240 адам;

– ауылдық округтің құрамына 2 елді мекен кіреді – Нарынқол ауылы, Қостөбе елді мекені

– ауылдық округтің жалпы аумағы – 19767 га

-жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған мерзімі –
09.09. 2014 г;

– өкілеттік мерзімі – 5 жыл;

– жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны –
97 адам.

 

  1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1 Аудандық маңызы бар қаланы, ауылды, кентті, ауылдық округті дамыту 

      2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 8240  адам

Ауыл округте 3 ЖШС, 57 ШҚ,74 жеке кәсіпкерлер тіркелген.

Негізгі қызмет түрі – шаруа қожалықтары- мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы.

Бағдарлама экономикалық қызметтерді, коммуналдық қызметтерді, жұмыссыздықтың төмендеуі, жаңа жұмыс орындарын құру және т.б мәселелерді қозғаумен байланысты.

Бюджетке меншікті кірістер

2018 жылға меншікті кірістер жоспары 83,4% ға орындалды, жоспар бойынша 23,6 млн. теңге, 19,7 млн. теңге түсті.

Шығыстары есебінен 2018 жылға орындалуы 96,2%, жоспар бойынша 144,7 млн. теңге,  жұмсалғаны- 139,3 млн. теңге.

Оның ішінде салалар бойынша: жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер-20,8 млн. теңгеге немесе 14,9% – ға,білім беруге – 48,7 млн. теңге немесе 35,0%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық -63,2 млн. теңге немесе 45,4%, көлік және байланыс – 4,7%.

Кәсіпкерлік 

Ауылдық округте  шағын және орта кәсіпорындар саны –  433 , оның ішінде 3-ЖШС,410 шаруа қожалықтары  және 74-жеке кәсіпкерлер, жұмыспен қамтылған 287 адам. 57 сауда дүкені, 2- шағын наубайхана,                     5 – тұрмыстық қызмет көрсету объектілері және 7-қоғамдық тамақтандыру орындары жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы көлемі- 26320 гектар, оның ішінде жайылымдық – 22900 гектар, егістік – 3420 га.

Бидай – 50 га, арпа – 690 га, картоп – 590 га,сәбіз – 20 га.

2019 жылдың  1 шілдесіне мал басы  ірі-қара -5339 бас, оның ішінде аналығы 3480 бас , жылқы – 6224 бас, аналығы – 2632, қой-ешкі 21536 бас, аналығы – 11554 бас. 36 ауыл шаруашылығы техникасы тіркелді, оның ішінде 35-трактор, 1 комбайн.

Сумен жабдықтау.

Ауыз сумен  «Байынқол су құбыры» МКК  Нарынқол ауылы мен  Костобе елді мекенін қамтамасыз етеді, орталықтандырылған  ауыз сумен жабдықталған.

Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы  54,7 км құрайды, ауылдық округ бойынша 1771 үйге ауыз су қосылған, (100%). Округте бір тегеурінді су мұнарасы (15т), 1 резервуар (3000т), қосымша тағы 3 ұңғыма бар. Қостөбе елді мекенінде 1 ұңғымасы, 1 су айдауыш мұнара жұмыс істейді.

Ауылдық округ бойынша 3 мектеп, 1 балабақша, 1 оқу өндірістік комбинаты, 1 мешіт орталық ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесіне қосылған.

Электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау

«Алатау жарық»  АҚ-ның балансында тұрған барлық электр желісінің ұзындығы 54 км,  100 пайыз тозған.

Көлік және коммуникация

Автомобиль жолдарының ұзындығы –54 шақырымды құрайды, оның ішінде қатты жабыны бар-54 км, ауылдық округтің көшелеріне  100% асфальт төселген.

Білім.

Ауылдық округте 3 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде – 3 типтік.

1.»О.Жандосов атындағы орта мектебі  мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ 1977 жылы салынған, ғимараты типтік, жобалық қуаты 640 орындық. Мектепте: шағын орталық – 2 топ, 50 бала бар. Жылыту түрі – автономды. 1-11 сыныптарда барлығы 301 оқушы бар. Ғимаратқа  2012 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген,  мектепалды даярлық тобында 14 бала.

  1. «Б.Соқпақбаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ, салынған жылы -1987 ж,ғимараты типтік, жобалық қуаты 640 орындық. Мектепте: 1 шағын орталық жұмыс істейді, шағын орталықта 2 топ, 50 бала. Жылыту түрі – автономды. 1-11 сыныптарда барлығы 403 оқушы. Ғимаратқа 2016 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, мектепалды даярлық тобында – 19 бала.

Бүгінгі күнге  мектеп интернет желісіне қосылған, 36 компьютер бар.

  1. «Т.Жанұзақов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ, салынған жылы-1962 ж, ғимарат типтік, жобалық қуаты-600 орындық. Мектепте: 1 шағын орталық жұмыс істейді – 1 топ 25 бала. Жылыту түрі – орталық. 1-11 сыныптарда барлығы 410 оқушы бар. Ғимаратқа 2008 жылы күрделі жөндеу жүргізілді, мектепалды даярлық тобында 21 бала.

Жалпы  округтегі оқушы саны – 1435. Мектептерде                                      барлығы 9 интерактивті тақта орнатылған, және 3 мультимедиалық кабинет, 1-IT кабинеттер жұмыс істейді..

Мектептер толық интернет желісіне қосылған.

Қостөбе елді мекенінен 12 оқушы Нарынқол ауылына тасымалданады, ара қашықтығы 15 км.

140 орындық 1  мемлекеттік «Қарлығаш» балабақшасы жұмыс істейді, салынған жылы -1983 жыл. 2010 жылы күрделі жөндеу жүргізілді.

Округте 3-6 жас аралығындағы балалар саны – 367, оның ішінде мектепке дейінгі -319 немесе 86,9 %.

Денсаулық сақтау

Округте 1 орталық аудандық аурухана бар,салынған жылы 1991 жыл, типтік. 2012 жылы күрделі жөндеу жүргізілген.

Ғимараты заман талабына сай жабдықталған.

Қостөбе елді мекеніне  медициналық мекеме қажет.

2018 жылы  қайтыс болғандар саны 55 адам, туу көрсеткіші – 110 бала,

Ағымдағы жылдың 6 айында туу көрсеткіші 60 баланы құрайды, өлім- 22 адам.

Мәдениет және спорт

Нарынкол ауылында 1 аудандық мәдениет үйі жұмыс істейді. 1985 жылы салынған. Ғимаратқа 2008 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Кітапхана саны – 2,  Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесіне /КАБИС/ және интернет желісіне қосылған.

1 спорт объектісі, 3 спорт залы мен шағын спорт алаңы жұмыс істейді.

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды саны жыл сайын өсуде, ауылдық округте  жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны – 2400 адам немесе 29%.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

2018 жылға  экономикалық белсенді халықтың саны 5047 адамды құрады. Жұмыспен қамтылған халықтың саны 4752 адам, өзін-өзі қамтушы–2097 адам. Оның ішінде өнімді өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 1268, өнімді емес -829.

2018 жылы жұмыссыздар саны 295 адам, 5,8%  құрайды.

2019 жылдың 1 шілдесіне округ бойынша 123 отбасыға  жаңа форматтағы АӘК тағайындалды,  11,972 569 млн. теңге.

Округте 213 мүгедек, 881 зейнеткерлер бар.Үйде тәрбиеленетін және    4 мүгедек балаға 48832 мың теңге әлеуметтік көмек  тағайындалды.

Қоғамдық қауіпсіздік

Ауылдық округте учаскелік полиция пункті бар. Бөлімше өртке қарсы қызмет жоқ.

Проблемалық мәселелер

Нарынқол ауылдық округі бойынша проблемалық мәселелер:

-табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларды азайту;

-Нарынқол ауылындағы көшелерді жарықтандыру.

III. БӨЛЕК ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс шараның атауы Аяқталу мерзімі Қаржыландыру көлемі (мың.тенге) Қаржыландыру көзі Іске асыру мерзімі
1 2 3 4 5 6
I.БІЛІМ
II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
2.1 Шаруашылық жүргізу құқығындары «Райымбек аудандық ауруханасы» МКК-на күрделі жөндеу Нарынқол ауылы/   100000 Жергілікті бюджет 2019
2.2 Шаруашылық жүргізу құқығындары «Райымбек аудандық ауруханасы» МКК-на күрделі жөндеу Нарынқол ауылы/   342000 Жергілікті бюджет 2021
III. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
3.1 250 орындық поликлиника құрылысы

Нарынқол ауылы

  20000 Жергілікті бюджет 2019
IV. ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
4.1 Көше жарығын орнату (25 км)

Нарынкол ауылы

ПСД 7750,0 Жергілікті бюджет 2020
Қабылдау актісі 155000,0 Жергілікті бюджет 2021
4.2 83 жеке тұрғын үйлер құрылысы

Нарынкол ауылы

  300000,0 Жергілікті бюджет 2019
4.3. 83 жеке тұрғын үйлерге ИКС

Нарынкол ауылы

  100000,0 Жергілікті бюджет 2019
4.4 4 қызметтік тұрғын үй құрылысына   90000,0 Жергілікті бюджет 2019
4.5 2 пәтерлік 2 тұрғын үй құрылысына Нарынкол ауылы   90000,0 Жергілікті бюджет 2019
V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ
5.1 Дене шынықтыру, сауықтыру кешенінің құрылысы

Нарынқол ауылы

  300 000,0 Жергілікті бюджет 2019
VI. ТРАНСПОРТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
6.1. 2 көпірді күрделі жөндеу

1.Абай көшесіндегі Жағатал өзенінің

2. Райымбек көшесі  Нарынкол ауылы

  240000,0 Жергілікті бюджет 2019
 

VII. ӨЗГЕ

 

7.1. ХҚКО құрылысы Нарынкол ауылы   262 млн 215 тыс Жергілікті бюджет 2019
7.2. АІІБ  ғимаратына жапсаржай (тир және фронт-офис)  Нарынкол ауылы   130000 Жергілікті бюджет 2019
7.3. Арнайы мемлекеттік орган ғимаратының құрылысы

Нарынкол ауылы

  50000 Жергілікті бюджет 2019
7.4. Әскерге шақыру пункті ғимаратының құрылысы

Нарынкол ауылы

  50000 Жергілікті бюджет 2019
7.5. «Азаматтарға арналған Үкімет» ғимаратының құрылысы

Нарынкол ауылы

  200000 Жергілікті  бюджет 2019
Закрыть меню