Официальный сайт акимата Райымбекского района Алматинской области

2019 – 2021 жылдарға ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы 2019-2021 жылдарға арналған Алматы облысы

Райымбек ауданы Қайнар  ауылдық округінің  даму бағдарламасы

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары 24 желтоқсанда Алматы облыстық маслихат және Алматы облысы әкімдігінің шешімімен  Сарыжаз селолық округі құрылды.2013 жылғы 15 ақпанда Райымбек ауданы әкімдігінің №29 қаулысы негізінде Қайнар селолық округі «Қайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып құрылды.

халық саны -3395 адам

Қайнар ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны мен атауы- 1. Қайнар ауылы

Аумақ – округ бойынша -74341 га

– жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні–28.02.2018 жылы, оларға өкілеттік берілген мерзім- 5 жыл

– жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны-

13 адам

 

  1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1 Қайнар ауылдық округін дамыту 

2019-2021жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

2019жылғы 1 қаңтардағы халық саны – 3395 адам.

Ауылдық округі бойынша 3 ЖШС, 72 ШҚ, 19 жеке кәсіпкер тіркелген

Мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы оның ішінде: картоп, астық,көп жылдық шөп шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.

Бағдарлама экономикалық қызмет көрсету,коммуналдық қызмет, жұмысыздықты төмендету,жаңа жұмыс орындарын құру,және т.б. сұрақтарын қозғайды.

Бизнес

Округте -19 шағын бизнес орталығы тіркелген оның ішінде : саудада-11, қызмет көрсетуде – 8, Негізгі қызмет түрі сату және халыққа қызмет көрсету. 

Сумен қамтамасыз ету

Қайнар елді мекенінің тұрғындары  ауыз сумен 100 пайыз қамтылған. 

Электрмен қамту және жылумен қамту.

Ауыл  тұрғындары 100 пайыз электрмен  қамтылған. 17 ш.м  ЖШС «АЖК» балансында тұрады. 

Көлік және комуникация

Округтегі көше ұзындығы 17 ш.м. 3,2 км 6 көше асфальтанған.  Қалғаны тасты жол 13,8 ш.м.

Ауыл шаруашылығы

Округтің экономикалық даму бағыты егін және мал шаруашылығы салаларына негізделген. Барлық ауыл шаруашылық жер көлемі 48278 га, оның ішінде егістік жер – 3884 га, шабындық 21764 га,жайылымдық  22630 га.

Округтегі техникалар саны – 40.Оның ішінде 34 трактор,2 комбайн және 4 әр түрлі.

Мал шаруашылығы  бойынша жеке аулалар мен шаруа қожалықтарында – 4225 бас  ірі қара малы , оның ішінде аналығы  2725 бас, жылқы – 1500 бас , құс- 2793

Салық туралы

Бюджеттің  төртінші деңгейіне байланысты 4 түрлі салық түрлері жергілікті бюджетке түседі, атап айтқанда заңды тұлғалардың табыс салығы, заңды тұлғалардың көлік салығы,жеке тұлғалардың көлік салығы, мүлік, жер салығы.

2018 жылы жоспарланған меншікті кірістер – 4млн.678 мың тенге. 109 пайызға орындалды. 5 млн.097мың теңге түсті.

Бюджет туралы

2018 жылға шығыстар есебі 24 млн 879 мың  теңге бөлінді, оның ішінде : ауылдық округ әкімінің аппаратын ұстауға  19 млн 194 мың теңге,тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық -1 млн.186 мың теңге,көлік және байланыс – 499 мың теңге ,өзгелерге -4000млн. Теңге. 

Білім саласы бойынша

Ауылдық округте 1 мектеп жұмыс істейді,оның ішінде -1 типтік.

Қайнар орта мектебі 1972 жылы салынған,960 орындық.Мектепте : 1-11 сыныптарда барлығы 418оқушы бар.Шағын орталық- 2 топ, 50 бала тәрбиеленуде.Мектеп алды даярлық тобында- 50 бала.Жылыту түрі-автономды.Бүгінгі күнде мектеп интернет желісіне қосылған.Интерактивті тақта -1,мультимедиялық кабинет -1, 1-IT кабинет жұмыс істейді.

Округте 3-6 жас аралығындағы балалар саны 328,оның ішінде мектепке дейінгі 65 немесе 24,5%

Денсаулық сақтау саласы бойынша

Округте 1- медициналық мекеме бар. Қайнар дәрігерлік амбулаториясы – 1986 жылы салынған.  Амбулаторияда 12 дәрігер көмек көрсетеді.

Демографиялық өсімде жыл сайын ұлғаю үстінде. 2018 жылы 36 сәби дүниеге келді.

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік жағдайы туралы

2018 жылы экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1564 адамды құрады, оның жұмыспен қамтылғандары – 1490 адам, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар –574 адам. Жұмыссыздар саны 74 адам,4,7 пайыз. 2019 жылдың шілдесіне округ бойынша 48 отбасы жаңа форматтағы АӘК тағайындалды. Округте 35 мүгедек,420 зейнеткерлер бар және 4 мүгедек балаға 216 мың теңгеге әлеуметтік көмек тағайындалды. 

Мәдениет және спорт

Ауылымыздағы мәдениет үйі ауыл жұртшылығымен бірлесе жұмыстар жасауда.Мәдениет үйінде 5 адам жұмыспен қамтылған.

Күрделі жөндеуді қажет етеді

Округте 1 стадион, 2 спорт зал,2 күрес залы,1тренажерный зал,1 бәйге алаңы  жұмыс істейді.

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

Келесі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы (салалар бөлінісінде ұсынылады):

– көшелерді жарықтандыру

– Көше ауылының жолдарын орташа  жөндеуден өткізу

– Қайнар ауылының аркасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.

 

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ 

Іс-шаранын атауы Аяқтау нысаны Қаржыландыру көлемі (мың.теңге) Қаржыландыру көзі Іске асыру мерзімдері
1 2 3 4 5 6
I.БІЛІМ БЕРУ
II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
III. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
IV. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
2.1 Қайнар ауылының (Райымбек, Тастандиев, Амангелді) көшелеріне Жарықтандыру орнату (2,938) шақырым Қабылдау актісі 48713,0

 

ЖБ 2020
       
2.2 Қайнар ауылының аркісіне ағымдағы жұмыстар жүргізу Қабылдау актісі 7000,0 ЖБ 2020
V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ
VI. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
2.5 Қайнар ауылының ішкі көшелеріне орта жөндеу жұмыстары (3,200) шақырым   40 000,0 ЖБ 2020-2021
VII. БАСҚАЛАР
Закрыть меню