Официальный сайт акимата Райымбекского района Алматинской области

Наша лента в Instagram

  • Абай Құнанбайұлы-ол қазақтың ойшылы, ол қазақтың классигі, ол қазақтың АБАЙЫ! 
Абай Құнанбайұлы биыл 175 ке толады. Тіршілігінде 1000 мен алысқан Абайдай ұлы перзенттің бұл мерей тойын, 1000% жоғары деңгейде атап өтуіміз тиіс. Қаншама шығарма жазса да, тіршілігін тоқтатқаннан кейін ғана бес жылдан кейін кітап болып жазыла бастаған Абай, келер ғасырларда да қазақ үшін Адалдық алаңында тура жол көрсететін компос болып қалатыны хақ. Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың өзі: - "Менің жол көрсетушім де, менің бар білімім де, менің Құраным да, АБАЙ"-деген болатын. Ендеше, тексізі шексіз заманда адалдық жолында абай болу үшін, Абайды оқу керек. Абайды дәріптеу керек. 175 ке келген Абайдың 1750 жылдығын ҚАЗАҚ тағы тойласын.
  • Білекті бірді жығады, 
Білімді, мыңды жығады. (Халық даналығы)
  • Елім дейтін ер болмаса, 
Ерім дейтін ел қайдан болсын.
(Халық даналығы)
  • Хабарландыру📢📢📢 Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 05 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында аудан және ауылдық округ әкімдерінің 2020 жылы халыққа есеп беру кездесулерінің кестесін жариялаймыз.
  • Құрметті Райымбек ауданының тұрғындары!
Сіздерді келіп жеткен 2020 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Тағы бір жылды өткердік. Дәстүр бойынша біз осынау сәтте өткен жылды таразылап, жаңа күнге жарқын жоспарлар құрамыз.
2019 жыл барлық Қазақстандықтар үшін ауқымды экономикалық және әлеуметтік міндеттірді орындау, мемлекеттік аса маңызды бағдарламаларды жүзеге асыру және мемлекеттің индустриалды-инновациялық дамуын одан әрі жетілдіру жолында айшықты қолтаңбасын қалдырды. Қазақстан Тәуелсіздіктің 28 жылында экономикасы дамыған, халықтың әлауқаты артқан, қуатты мемлекетке айналды. Ауданымыз үшін де өткен жыл жақсы табыстар мен жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігін берді. Біз экономиканың тұрақты, қарқынды дамуын және әлеуметтік мәселелерді шешуді біршама жақсарттық. Жыл аралығында жаңа ғимараттар бой көтерді және көптеген жақсы жаңалықтар болды.
Біздің осы жетістіктеріміз алдағы жылда да дәстүрлі жалғасын табатынына, болашақта міндеттерімізді абыроймен орындайтынымызға кәміл сенемін. Әрбір азамат жаңа күнде жақсылықтан үмітті. Ендеше, сол үміттеріңіз орындалсын. Жаңа жыл – баршамызды жаңа жетістіктерге, жаңа батыл қадамдарға бастасын! Елдігіміздің тұғыры берік, ынтымағымыздың ырысы шайқалмасын!
Аудан әкімі 
Құдайбергенов Нұржан Кеңесұлы
  • 3️⃣1️⃣.1️⃣2️⃣.2️⃣0️⃣1️⃣9️⃣.
  • Бүгін, Райымбек ауданы әкімдігінің ғимаратында "Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің"  2019 жылғы жеткен жетістіктері мен толағай табыстары сарапталып, марапатталды.  Ауданымыздың басшысы Нұржан Кеңесұлы, Бұқаралық спортты дамыту мақсатында жұмыс жасап жүрген бірқатар спортшыларымызды және әр ауылдық округтегі спорт әкіскерлерін өзі марапаттыды. Алдағы уақытта,  ауданымыздың спорттық дәрежесін облысымызда алдыңғы қатарға шығару үшін үлкен көңіл бөлінетін болады. Қазірдің өзінде ауданымыз спорт саласында үлкен жетістіктерге жетіп келеді. Спортшыларымызға 2020 жылға толағай табыстар тілейміз.
  • Жыл үздіктерін анықтап, осы жыл қорытындыланды!
Бүгін, ауданымызда қызмет жасап жүрген, еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп, өз ісінің хас шебері деп танылған жыл үздіктері марапатталды! Марапатқа лайықты деп танылғандар, жылдың басынан өз ісінде белсенділік танытып, алдыңғы шепте қызмет етіп жүргендер. Жүзден жүйрік болған жалпы саны 26 қызметкер бүгін аудан әкімі Нұржан Кеңесұлының қолынан марапат алды. Аудан әкімдігінің тарапынан "Жыл адамы-2019" марапатымен 13 қызметкер, ал "Жастар ресурстық орталығының" тарапынан 13 жас қызметкер "Жыл үздігі-2019" марапатымен құрметтелді. Әрине бұл тұрғыда, ұжымының еңбегі орасан зор. Құрметті марапат иелері, өздеріңіз қызмет қылып жатқан ұжымдарыңызға қашанда осындай табыс тілейміз! Келер жылы, ауданымыз бұдан да биік белестерді бағындырсын. Ақжолтай жаңалықтар көп болып, еңбектеріңіз еселене берсін!

ҚР мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Мемлекеттік органдардың веб-сайты

Закрыть меню